2025-2026 оқу жылында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 13 пән бойынша төрт кезеңде ұйымдастырылды. Олимпиадаға республика бойынша 125 мыңнан астам оқушы тіркеліп, бұл көрсеткіш өткен оқу жылымен салыстырғанда 10%-ға артты.

🇰🇿 Республикалық кезеңге 907 оқушы қатысты. Оның ішінде 432 оқушы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша, 475 оқушы жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша бақ сынады.

🏅 Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 200 оқушы жүлделі орындарға ие болды: І орын – 36, ІІ орын – 66, ІІІ орын – 98.

🎖️ Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 193 оқушы марапатталды: І орын – 37, ІІ орын – 55, ІІІ орын – 101.

🏆 Олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің ең үздік 9 ауыл мектебі анықталды.

🔖 Сонымен қатар, 5 жүлдегерге жоғары оқу орындарының ректорлық білім гранттары, ал 6 оқушыға «РФММ» КеАҚ-ның оқу гранттары табысталды.

👩🏻‍💻👨‍💻 Финалға өткен барлық 907 оқушы үшін «Дарын» онлайн мектебі ұйымдастырылып, олимпиадаға жүйелі дайындық жүргізілді.

📈 Олимпиада жеңімпаздарының 73-і жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға тікелей жолдама алып, олардың 16-сы жүлделі орындарға ие болып, «Үздік ауыл оқушысы» атағын иеленді.

🔗 Олимпиада нәтижелері ауыл мектептеріндегі білім сапасының артып келе жатқанын және дарынды оқушыларды анықтау мен қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың тиімділігін көрсетеді.

📊 Олимпиаданың командалық рейтингісі мен үздік ауыл мектептерінің тізімі карусельде ұсынылған.