2026 жылдың 21-24 маусым аралығында Семей қаласында өткен жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХVІІ Республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсының қорытынды кезеңіне облысымыздың атынан 5 оқушы қатысып жеңіспен оралуда. Олар:

🥇 І орын Абайұлы Асқар «Әнді сүйсең менше сүй» номинациясы бойынша Шымкент қаласы, Б.Өтеп атындағы мамандандырылған «Өнер» мектеп интернатының 9 сынып оқушысы.

🥉ІІІ орын Әбдіжәлел Мерейлі «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» номинациясы бойынша Ордабасы ауданы, № 67 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы.

🥉ІІІ орын Ергешбай Гүлзат Қайратқызы «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі» номинациясы бойынша Сауран ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы