Түркістан облысында мемлекеттік лагерьлер желісі кеңейіп, алғаш рет жыл бойы қызмет көрсететін «Алатау» оқу-сауықтыру орталығы жыл бойы қарқынды жұмыс жүргізді. Бұл маңызды жоба Мемлекет басшысының балалардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын ұйымдастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

✅Түркістан облысы әкімінің тікелей қолдауымен Төлеби ауданының Тасарық ауылдық округінде орналасқан бұрынғы әлеуметтік қорғау жүйесіне қарасты лагерь ғимараты облыстық білім басқармасының теңгеріміне берілді. Нәтижесінде заманауи талаптарға сай жаңғыртылған оқу-сауықтыру орталығы ашылып, балалар игілігіне қызмет етуде.

📚 Енді Түркістан облысының оқушылары жыл он екі ай бойы сауықтыру лагерінде демалып қана қоймай, білімдерін жетілдіруге де мүмкіндік алады. Орталықта жыл сайын 5 мыңға жуық оқушыны қамту жоспарланған.

📚 «Алатау» оқу-сауықтыру орталығы балалардың сапалы демалысын ұйымдастырып, денсаулығын нығайтуға, шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға бағытталған жаңа білім беру алаңына айналмақ.